Сенат спикері ретінде Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын – Дариға Назарбаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сенат спикері болып сайланған Дариға Назарбаева әріптестеріне қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маған сеніп, үлкен қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет айтқым келеді. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. ҚР Парламенті жоғары палатасының басшысы ретінде мен сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын», - деді Сенат спикері.

Сонымен қатар ол Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа арналған алғашқы Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткенін еске салды.

«Жолдауда ел өмірінің барлық салаларындағы ахуалға терең талдау жасалып, нақты практикалық міндеттер қойылды. Енді біз оларды заңдар мен қаулылар тіліне көшіруіміз керек. Барлық әріптестерімізді тығыз жұмыс кестесіне тезірек кірісуге шақырамын. Бұл үшін күздің жаңа қызмет жоспары іс жүзінде құрылған. Жұмыс көлемі өсіп қана қоймай, олардың сапасына да қойылатын талап едәуір артатынын жеткізгім келеді», - деді Д.Назарбаева.



Соңғы жаңалықтар