Сенат Спикері Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 ақпан күні Мюнхен қаласында қауіпсіздік бойынша 51-ші конференция өз жұмысын бастады.

Рейтинг агенттіктерінің пікірінше, бұл форум қазіргі замандағы ең өзекті мәселелерді талқылауға арналған, белгілі саясаткерлер, дипломаттар, қоғам қайраткерлері және кәсіпкерлер қатысатын беделді әрі танымал әлемдік алаң болып табылады.

Форумның бұл жолғы күн тәртібінде - украин шиеленісін реттеу және ИЛИМ (ИГИЛ) террористік тобының қызметін басуға қатысты мәселелер бар.

Форумда көптеген қатысушылар - президенттер мен үкімет басшылары, сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар сарапшылары бас қосты. Конференция жұмысының алғашқы күні НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Ұлыбритания мен Францияның қорғаныс министрлері, АҚШ, ҚХР және басқа да елдердің жоғарғы лауазымды өкілдері сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та конференцияға қатысуда. Ол дипломатия және халықаралық қатынастар саласына инновациялық ұсыныстар әзірлеумен айналысатын мамандар тобына енген болатын.

Соңғы жаңалықтар