Сенат спикері Қызыл Крест өкілдігінің басшысымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитеті аймақтық өкілдігінің басшысы Жан-Жером Касабьянканы қабылдады. Кездесу барысында тараптар гуманитарлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ. Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің атқарып жүрген ісіне қолдау білдіріп, әртүрлі елдердегі бітімгерлік күш-жігерді нығайтудағы ұйымның қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Ж. Касабьянка Ауғанстан мен Сирияда қауіпсіздікті нығайтып, бейбітшілікті орнатуға, шиеленістердің алдын алу мен ядролық қарусыздандыруға бағытталған қазақстандық сыртқы саяси бастамаларға оң бағасын берді.

ХҚКК өкілдігінің басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі маңызды орнын сөз етті.

Сондай-ақ, Ж.Касабьянка Астанада «Таяу Шығыстағы  гуманитарлық жағдай» тақырыбында Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдеріне арналған брифинг өтіп жатқанын айтты. Бұл мәселе Қазақстанның БҰҰ миссиясына қатысу үшін Ливанға қатысты бітімгершілік операциясын жүзеге асыру шешімімен аса тығыз байланысты. 

Тараптар ХҚКК мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. 

Соңғы жаңалықтар