Сенат спикері Елбасына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Заңға Мемлекет басшысының қол қоятынына сенім білдірді

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Елбасына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Заңға Президенттің қол қоятынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі отырысында Парламент Сенаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ельбасына айрықша ерекшелік белгісі - «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беретін екі заңды қабылдаған болатын.

«Бүгінгі отырыстағы маңызды шешімнің қабылдануы символикалық жағдайда өтіп отыр және бұны ешкім әдейі ұйымдастырған да емес, өйткені осыдан дәл 20 жыл бұрынғы 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы алғаш рет бүкілхалықтық сайлауда жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланған еді. Осынау тарихи күнге дәл бүгін 20 жыл толып отыр», деген Сенат төрағасы Қайрат Мәми Елбасы мен бүкіл қазақстандықтарды осынау мерейлі күнімен және бүгінгі қабылданған маңызы зор Заңымен құттықтады. «Бұл заңдарға Мемлекет басшысы қол қояды деген сенім білдіремін», - деді Сенат спикері.

Соңғы жаңалықтар