USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Сенат «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады

2021 жылғы 10 маусым 11:22
Бөлісіңіз:
Сенат  «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Субсидиялау жүйесі ірі агроқұрылымдардың игілігі үшін жұмыс істеп тұр - Мұхтар Жұмағазиев «Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты Соңғы үш жылда елімізде ветпрепараттардың жартысы импортталған

Сенат отырысында Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Заң жобасын таныстырған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан аумағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшырғаны үшін қандай төлем алынатынын түсіндірді.

«Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды. Осы келісім бүкіл әлемді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған OneWeb халықаралық жобасын жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру негізінде Қостанай облысының аумағында «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктерінің құлау ауданын Ресей тарапынан пайдалану тәртібін реттейді. Құлау ауданын пайдалану үшін Қостанай облысының Жангелді ауданы әкімшілігіне түсетін жылына 3 рет ұшыру үшін 460 мың доллар көлемінде төлемақы анықталған. Ал қосымша ұшыру болған жағдайда әрбір ұшыру үшін 50 мың доллар көлемінде төлемақы төленетін болады. Құлау ауданы жылына небәрі бірнеше рет сервитут шартына сай қолданылып отырады», - деді министр.

Сондай-ақ, ол аталған зымыран бөлшектерінің қай өңірге құлайтынын, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі қалай қаматамсыз етілетінін баяндады.

«3-6 тәулікті құрайтын бұл кезеңдерде адамдар мен үй малының қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін құлау ауданына кіру жабық болады. Қалған уақытта құлау ауданында жүруге және оны жайылым ретінде пайдалануға шектеу қойылмайды. Адамдардың құлау ауданынан тысқары жерлерде тұруы қауіпсіз болып табылады. Сонымен қатар тасымалдағыш зымырандарды әрбір ұшырған сайын жақын маңдағы тіршілік ортасына гигиеналық баға беру жұмыстары жүргізіліп, сынамалары алынатын болады», - дейді Бағдат Мусин.

Ведомство басшысы киік төлдейтін уақытта Байқоңырдан аталған зымырандардың ұшуына шектеу қойлатынын да еске салды.

«Құлау ауданын пайдалану кезінде жануарлар мен өсімдіктер әлеміне жыл сайын мониторинг жүргізу көзделуде. Табиғат қорғау ұйымдарының киіктердің төлдеу және құстардың ұя салу кезеңінде құлау ауданын пайдалануды шетеу туралы талаптары орындалады. Яғни, сәуір мен маусым айлары аралығында тасымалдағыш зымырандар ұшырылмайды», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT