+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сенат сайлауы заңнама нормаларына сай өтті - Берік Имашев

2020 жылғы 13 тамыз 17:03
Бөлісіңіз:
Сенат сайлауы заңнама нормаларына сай өтті - Берік Имашев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың рәсімдері заңнама нормаларына сай өтті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат Төрағасы мен ТүркПА Бас хатшысы кездесуінде Түркі Кеңесі саммитінің шешімдерін іске асыру талқыланды Мәжіліс депутаты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды «СҚ-Фармация» коронавирустың екінші толқынына дайын ба

«Сайлау туралы» Конституциялық Заңының бұзылуы туралы аумақтық сайлау комиссияларынан ұсыныстары немесе таңдаушылардың арыздары келіп түскен жоқ. Дауыс беру мен басқа да сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті», - деді Б. Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Бұл сайлау науқанының ерекшелігіне тоқталған ол, әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті. Яғни, сайланған 17 депутаттың 5-і әйелдер, бұл көрсеткіш 29,4 пайызды құрады. 2014 және 2017 жылдардағы сайлауда бұл көрсеткіш тек 6 пайыз болған.

ОСК төрағасының айтуынша, сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервистері жұмыс істеді. Осылайша, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл процесс ҚР ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел түрде жария етілді.

Дауыс беру рәсімін және сайлау қорытындыларын шығаруды 242 жергілікті және 5 халықаралық байқаушы байқап отырды. Сайлау өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды сақтай отырып өткізілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындысы жарияланды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT