Сенат сайлауы: Амангелді Толамисов басым дауыс жинады

None
Фото:site/universitetzgu
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында сенат сайлауында Амангелді Толамисов басым дауыс жинады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір Талдықорғанда сенат депутатын сайлау өтті. Науқанға түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысып, өз таңдауларын жасады.

«Сенат депутатына дауыс беруге 132 депутат қатысты. Оның 100-і Амангелді Толамисовке дауыс берді. Ал екінші кандидат Ғабит Тұрсынбайды 29 халық қалаулысы таңдады»,- деді Жетісу облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дауытов.

1 бюллетень жарамсыз деп танылған. Енді бірінде екі кандидатқа да дауыс берілмеген.

Айта кетейік, Жетісу облысынан Сенат депутаттаты болуға екі кандидат түсті.

Фото:site/universitetzgu/
Соңғы жаңалықтар