Сенат сайлауы: Абай облысында көп дауыс жинаған үміткер анықталды

Фото:
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Абай облысы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, Абай облысынан таңдаушы ретінде тіркелген 123 маслихат депутатының 108-і дауыс беру бойынша бірлескен отырыста таңдау жасады. Дауыс берудің алдын нәтижесіне сәйкес, Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев 82,4% дауыс жинады. Оның кандидатурасын 89 таңдаушы қолдаған.

ОСК ақапарты бойынша сағат 10:45-тегі жағдайға сәйкес, еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаушылар отырыстарында кворумға қол жеткізілді.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.


Соңғы жаңалықтар