Сенат сауда істері бойынша сот құжаттарын шетелде тапсыру туралы конвенцияны қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты бүгінгі жалпы отырыста «Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Айта кетерлігі, Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция 1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалды. Осы конвенция азаматтық немесе сауда істерінің сот құжатын немесе соттан тыс құжатты шетелге беру және тапсыру үшін жіберу қажет болатын барлық жағдайларда қолданылады. Бұндай құжаттарды уақытылы жеткізу адамдардың қорғалу, оның ішінде сотта қорғалу, өз мүдделерін қорғау құқығын іске асыруға ықпал етеді.

Конвенцияға сәйкес әрбір уағдаласушы мемлекет басқа уағдаласушы мемлекеттерден келіп түсетін құжаттарды тапсыру туралы сұрау салуды қабылдау және қарау міндеті жүктелетін орталық органды тағайындауы тиіс.

Тұтастай алғанда, Конвенцияны ратификациялау оған қатысушы сот және өзге де мемлектетік органдардың өзара іс-қимыл жасауы үшін тиімді тетік жасайды. Бұл сот құжаттарының тапсырылуын елеулі жеңілдетеді.

Тоқтала кететін жайт, Конвенцияға бүгінгі таңда Аргентина, Бельгия, Венесуэла, Германия, Дания, Израиль, Қытай, Түркия, Франция, Швеция, Жапония және тағы басқа мемлекеттер қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар