Сенат Президент Н. Назарбаевтың кандидатурасын «Халық қаһарманы» атағына ұсыну туралы заң жобасын талқылайтын болады

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын жоғары мемлекеттік марапат - «Халық қаһарманы» атағына ұсынған болатын. Бұл ұсыныс Қазақстанның Тәуелсіз ел ретінде қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлімен негізделген. Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық аренада жоғары беделге ие. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының басшылығымен елімізде 20 жылдан бері әлеуметтік, экономикалық, саяси және құқықтық жүйелерді жаңғырту табысты түрде іске асырылуда. Осы негіздер бойынша бастама жасалған заң жобасы қабылданған жағдайда елдің Тұңғыш Президентіне «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені қоса тапсырылатын «Халық қаһарманы» атағы берілетін болады.

«Заңның 10 бабы өзгерістер енгізілген соң былай жазылатын болады: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесіне сай «Халық қаһарманы» атағын иеленеді, «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені қоса тапсырылатын болады. Дәл осындай өзгеріс «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы» заңға да енгізіледі», - дейді заң жобасын таныстырған Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов. Комитет мүшелері заң жобасын бірауыздан мақұлдап, құжатты палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар