Сенат пен Мәжіліс депутаты тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 25-інде ҚР Парламенті Сенаты депутаты Рашит Ахметов пен Мәжіліс депутаты Виктор Киянский «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақжайық ауданы Мерген ауылының тұрғыны Анна Иконникова осы елді мекендегі үйлерді газға қосудағы кедергілерді баян етсе, Орал қаласынан Нұрлан Мұхтаров қайта қаржыландыруға байланысты түйткілді мәселелердің шешілуін сұрады. Басқа тұрғындардың да өтініш, арыз-шағымдары тыңдалып, тиісті жауаптар, ақыл-кеңестер берілді.

Осындай қабылдау Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловпен де ұйымдастырылды.  Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжан Мұхтарованың айтуынша, бұдан бұрын Мәжіліс депутаттары Шавхат Өтемісов, Елена Тарасенко тұрғындарды қабылдаған болатын. Сондай-ақ кестеге сәйкес облыстық мәслихат депутаттары, қажеттілігіне қарай құқық қорғау органдарының өкілдері де мұндай жұмыстан қалыс қалған емес.

Соңғы жаңалықтар