Сенат өзара сақтандыру қоғамдарын ынталандыруға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,  

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң жобасының мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау мен реттеу болып табылады. Сонымен бірге, құжат бойынша өзара сақтандыру қоғамдарын дамытуды одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық әкімшілігін жетілдіру шаралары қамтылып отыр.

Мәселен, заң жобасымен «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, бұнда қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі функцияны сақтандыру ұйымдарына беру көзделеді.

Бұдан басқа, заң жобасымен 25 заңнамалық актіге, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Азаматтық кодекске, Салық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады. 

Соңғы жаңалықтар