Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат Бюросының мүшелері 29 қыркүйекте өтетін палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бюро отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің демократиялық бағытта дамуына жол ашатын конституциялық өзгерістердің маңызына тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан алдағы Президент сайлауы туралы айтты.

Бюро отырысының қорытындысына сәйкес алдағы Сенат отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігіне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Құжат комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен комиссия алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын уақытқа еңбек шартын жасасуды көздейді. Сондай-ақ комиссия қызметкерлері үшін оларды ұзарту мүмкіндігімен еңбек келісімшарттарының 5 жылдық мерзімі, жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін өтпелі ережелер белгіленеді.

Отырыста Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.



Соңғы жаңалықтар