Сенат отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қызметіне қатысты өзгертулерді қабылдады

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамылық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды.

Аталған құжаттың құқықтық реттеу нысанасы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінде бағып-күтілуіне, тәрбиеленуіне және бастауыштан бастап жоғары білім алуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Заң жобасы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың түлектері қатарынан жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өту үшін адамдар санаттарын кеңейтуге бағытталған. Бұл ретте тәрбиеші ана лауазымына адамдарды іріктеу кезіндегі талаптарды өзгерту шаралары көзделеді. Атап айтқанда, шекті жасты 30-дан 27 жасқа дейін төмендету арқылы тәрбиеші ана лауазымына адамдарды іріктеу кезіндегі талаптар өзгертіліп отыр. Бұл жұмыс үшін тиісті білімі болуы да міндеттеледі.

Бұдан бөлек, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатарынан түлектерге 23 жасқа дейін әлеуметтік бейімделуден өту кезеңінде тұрғын үй проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін дербес заңды тұлғалар ретінде жасөспірімдер үйлерін құру қарастырылады.

Осы санаттағы азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында қосымша нормалар да енгізіліп отыр.

Парламент қабылдаған құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар