Сенат осы сессия барысында 96 заң қабылдады - Қ. Мәми

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты осы сессия барысында 96 заң қабылдады.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң сессияны қорытындылап, журналистермен брифинг өткізген Сенат Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті.

«Жалпы осы сессия барысында Сенат 96 заң қабылдады. Заң шығарушылық қызметіміздегі басты ерекшелік - заң жобаларының басым бөлігі Елбасының былтырғы «Қазақстан -2050» стратегиясы қамтылған Жолдауында жүктелген міндеттермен үйлеседі. Қабылданған заңдар индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметті, сот және құқық қорғау жүйелерін реформалауға, білім беруді дамытуға бағытталып, халықты әлеуметтік қамсыздандыруды қамтыды», - деді спикер.

Оның айтуынша, сессия барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны ілгерілететін бірқатар халықаралық келісімшарттарға да баса назар аударылды.

Соңғы жаңалықтар