Сенат Орталық Азия өңірлік институтына қатысты заңды мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңда 2016 жылғы 26 қазанда Исламабад қаласында жасалған Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын толық құқықтық субъектілігі бар үкіметаралық ұйым ретінде құру туралы келісімді ратификациялау ескерілген.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, келісім өңірлік ынтымақтастық процестеріне қатысу үшін мүше елдер үкіметтері ресми тұлғаларының мүмкіндіктерін кеңейтуге, өңірлік ынтымақтастық жобаларын жоспарлау әрі іске асыру бөлігінде олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, құжатта бірлескен немесе ұжымдық жобаларды іске асыру және ғылыми зерттеулердің деректері мен нәтижелерін кеңінен тарату арқылы ОАӨЭЫ-да, сондай-ақ мүше елдер арасында ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз ету ескерілген.

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының жұмыс істеуі аясында ынтымақтастық процестерін іске асыру мақсатында тәжірибе алмасуға арналған инновациялық шешімдер ұсынылады.

Оны басқару құрылымы Басқарушы кеңестен, Консультативтік кеңестен, басшылықтан және персоналдан тұрады. Институт қарызға қаражат алмайды. Оның бас кеңсесі Қытай Халық Республикасында орналасады және Басқарушы кеңес мақұлдаған кезде, кез келген мүше елдерде филиалдар құруға болады.

Ұйымның бас кеңсесін Қытай Халық Республикасында орналастыру туралы шешімді қатысушы елдер дауыс беру тәсілімен шығарған болатын. Оған басты себеп – ҚХР кеңсені өтеусіз негізде беріп, оның жұмысына қаржылай үлес қосты.

Аталған Келісім ратификацияланғаннан кейін, Қазақстан Институттың толыққанды мүшесі болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазіргі кезде Институтта 35 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Институтқа жұмысқа тұру ұйым сайтында жарияланатын конкурс арқылы іске асырылады.

Институттың негізгі қызметі – зерттеулер жүргізу, семинарлар, форумдар және тренингтер мен конференциялар өткізу, сонымен қатар инновациялық шешімдерді ұсынып, зерттеу нәтижелері мен қорытындыларды тарату, Орталық Азия өңірінде ғылыми-зерттеу институттары желісін дамыту


Соңғы жаңалықтар