Сенат медициналық заттардың тапшылығын болдырмауға бағытталған құжатты мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңның негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесін медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.

«Бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО аясында медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

4 Хаттамамен мақұлданды. Ратификациялау мақсатында Сіздерге қарау үшін №1 және №2 хаттама енгізіліп отыр. Сонымен қатар қалған екі хаттама мемлекетішілік келісу мен қол қою кезеңінде. Қаралып отырған №1 Хаттаманы ратификациялау бұрынғы ұлттық рәсім бойынша берілген мерзімсіз тіркеу куәліктері бар медициналық бұйымдарға қатысты ЕАЭО аясында қайта тіркемей, Қазақстан Республикасы аумағында еркін айналыста болуына мүмкіндік береді», - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, ұлттық заңнама бойынша 10 мың медициналық бұйым тіркелген, оларды ЕАЭО аясында қайта тіркеудің қажеті жоқ.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар аталған құжатты мақұлдау туралы шешім жасады.

Осы орайда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заңЕуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар айнылымына қатысты жекелеген мәселерді реттеуге арналғаннын айтты

«Жаңа нормалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді сапалы медициналық бұйымдармен жүйелі негізде қамтамасыз етуге қолайлы жағдай қалыптастырады деп сенеміз», – деді М. Әшімбаев.


Соңғы жаңалықтар