Сенат мақұлдаған заң жобасы Джо Байденнің рейтингісін көтереді

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Сенатындағы демократтар жексенбіде климат, денсаулық сақтау және салық саласындағы заңнаманы мақұлдады, бұл – президент Джо Байденнің және оның аралық сайлау алдындағы бағдарламасының ірі жеңісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today-ге сілтеме жасап.

Сенат инфляцияны төмендету туралы заңды қабылдады. Оған таза экологиялық энергия саласындағы бастамалардың рекордтық шығындары, рецепт бойынша берілетін дәрі-дәрмектердің бағасын төмендету шаралары және ірі корпорацияларға табыс салығын төлеу үшін салықты қайта қарау кіреді.

Климаттың өзгеру мәселесін шешу үшін заң жобасында электромобильдер, күн панельдері және жел турбиналарын өндіруге 10 миллиард доллар салық жеңілдіктері; электромобильдерді сатып алу кезінде тұтынушылар үшін 7,5 мың доллар салық жеңілдіктері; табысы аз америкалықтар үшін энергияны үнемдейтін үйді жаңартуға 9 млрд қарастырылған.

Электромобиль өндіру зауыттарын қолдау үшін несиеге 20 миллиард долларға дейін, фермерлерге климаттың өзгеруімен күрес жұмыстарына көмектесу үшін 20 миллиард доллар және қалалар мен штаттар үшін коммуналдық қызметтерді экологиялық таза электр энергиясына ауыстыруға 30 миллиард доллар бөлу көзделген.

Осы және басқа да шараларды төлеу үшін заң жобасында 15 пайыздық ең төменгі корпоративтік салық белгіленеді.

Заң жобасы демократиялық бақыланатын Өкілдер палатасына дауыс беруге бағытталған, онда жұма күні қабылдануы мүмкін.


Фото:the-sun.com




Соңғы жаңалықтар