Сенат: «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін сенаторлар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң жобасында еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстері мен «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңдарына өзгерістер енгізуді көздейді. Құжаттың негізгі мақсаты өлім жазасына қатысты қолданыстағы заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру болып табылады. Атап айтқанда, ондағы талаптар бойынша өлім жазасы тек көптеген адамдардың өліміне алып келген террористік қылмыстар үшін беру көзделген. Сонымен қатар, осы жазаны алған адам кешірім жасау жөнінде құзырлы органдарға өтініш жасауға құқылы.

 Заң жобасын талқылау барысында Парламенттің тұрақты комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстары назарға алынып, құжатқа бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Соңғы жаңалықтар