Сенат комитеттерінде Конституцияға түзетулер қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының тұрақты комитеттерінің отырыстарында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі. 

Заң жобасы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мен саяси жүйені одан әрі демократияландыру мақсатында әзірленді.
Тұрақты комитеттер заң жобасына, сондай-ақ Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы бірінші оқылымда мақұлданған ұсыныстарға қолдау білдірді.
null

Комитеттердің қорытындылары Парламент Палаталарының бірлескен комиссиясына берілді. Бірлескен комиссияның құрамына Парламент Сенатынан Серік Ақылбай, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Қайрат Ищанов, Дулат Құсдәулетов, Дариға Назарбаева, Людмила Полторабатько сайланды.
null

Комиссия Парламент Палаталарының 6 наурызда болатын бірлескен отырысында екінші оқылымда қарау үшін қорытынды салыстырмалы кесте әзірлейтін болады.
null  

Соңғы жаңалықтар