+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Сенат комитетінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы азаматтық қорғаныс саласындағы келісім талқыланды

2011 жылғы 29 қараша 13:54
Бөлісіңіз:
Сенат комитетінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы азаматтық қорғаныс саласындағы келісім талқыланды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда депутаттар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Аталған келісімге 16 маусым 2009 жылы Астана қаласында Қазақстан-Қырғызстан үкіметаарлық кеңесінің отырысында қол қойылған болатын. «Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Қырғызстан елдері арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, екі мемелкеттің бірінде төтенше жағдай орын алғанда бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады», - деді құжат бойынша баяндаған Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров.

Оның айтуынша, тараптар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты ақпарат алмасу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мониторинг, болжаулар жасау, осы салада тәжірибелер алмасу болып табылады. Оның ішінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру шаралары мен ғылыми-техникалық әдебиеттермен, баспа өнімдерімен алмасулар көзделіп отыр.

Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT