Сенат комитетінде энергия үнемдеу туралы заңнамаға түзетулер қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің комитеттің кеңейтілген отырысында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Атап айтқанда, құжатта энергия сервистік, энергияға аудит жүргізетін ұйымдардың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін ұлғайту саласына мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарының қызметі реттелді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тіркеу мәселелері бойынша ережелер жақсартылды.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Альберт Рау заң жобасы бағытында бүгінде барлығы реттеліп, барша ескертулер қарастырылғанын айта келе, сенаторлардың осы саланы жетілдіруге негізделген түзетулерді қолдағандықтарына алғыс білдірді.

Заң жобасы энергия үнемдеу, өндірісте және энергетика ресурстарын пайдалану саласында энергия тиімділігін арттыру технологияларын қолдану мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар