Сенат комитеті жемқорлыққа ықпал ететін нормаларды жоюға бағытталған заң жобасын талқылады

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысыында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыланды.

Аталған құжат еліміздің құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте қолданыстағы заңнаманы ескірген және бір-бірін қайталайтын нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру, қолданылып жүрген құқықтық ішкі қайшылықтарды жою қажеттігі атап көрсетілген болатын. Осыған байланысты заң жобасымен 33 заңнамалық актіге түзету енгізу көзделген. Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігіне мемлекеттің әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет жасауының құқықтық тетігін белгілеуге бағытталған 13 заң актісіне түзету енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін нормаларды алып тастау қарастырылады.

Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады.

Соңғы жаңалықтар