Сенат комитеті ТМД мемлекеттері арасындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жобаны талқылады

None
None
ашаның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

  Онда сенаторлар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Аталған келісімге сәйкес ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылаудың бірегей жүйесін құру көзделеді. Ратификациялауға жататын бұндай келісімге 2008 жылғы қарашаның 14-де Кишинеу қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен қол қойылған.

 Келісімнің мақсаты ТМД ұйымына қатысушы мемлекеттер аумағындағы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылауды жүзеге асырып, ақпарат алмасу жолымен күштерді жұмылдыру болып табылады. Сонымен бірге, құжат аясында қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктері нысанында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалауының біріккен жүйесін құру шаралары көзделеді. Бұндай біріккен жүйе аясында бірлескен тұрақты бақылау мен әрбір мемлекет аумағындағы жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруі туралы ақпарат алмасу қарастырылады. Мамандардың пікірінше, осы Келісімді ратификациялау еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға және ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

 Комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар