USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Сенат комитеті терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтыған заң жобасын талқылады

2012 жылғы 4 желтоқсан 16:51
Бөлісіңіз:
Сенат комитеті терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтыған заң жобасын талқылады

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланы.

Аталған құжаттың мақсаты терроризм қаупінің, сондай-ақ террористік қатерлер көріністерінің арта түсуін ескеріп, лаңкестікке қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске террористік тұрғыдан осал нысандардың атауларын нақтылау, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде күзет қызметін тоқтата тұру туралы талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу секілді нақтылаушы сипаттағы өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек лаңкестікке қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі бойынша ел Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттіктері нақтыланады.

Терроризм актілерінің жолын кесу үшін Қазақстан Қарулы Күштерін қолданудың тәртібі, сондай-ақ терроризмге қарсы операция режімін енгізу туралы халықты хабарландырудың тәртібі айқындалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT