Сенат комитеті міндетті және өзара сақтандыру, салық салу туралы заң жобасын қарады

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл заң жобасының мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін қарастыратын заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау мен реттеу, өзара сақтандыру қоғамдарын дамытуды одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру болып табылады.

Атап айтқанда, «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңға енгізілетін өзгерістермен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі функцияны өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына беру көзделеді.

Заң жобасымен 25 заңнамалық актіге, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Азаматтық, Салық кодекстеріне, «Сақтандыру қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Комитет отырысында сенаторлар 120-дан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды сарапқа салды.

Отырыста заң жобасын палата отырысында қарау туралы қорытынды жасалды.

Соңғы жаңалықтар