Сенат комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс жобасын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті отырысын өткізіп, онда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жобасы талқыланды.

Еске сала кетейік, кодекс жобасы әкімшілік заңнаманы елеулі түрде реформалауға бағытталады. Бұл ретте әкімшілік заңнаманы ізгілендіру, соттарға жүктемені азайту шаралары қарастырылады. Осыған баланысты соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген органдардың құзыреті қайта қаралады. Кодекс жобасына сәйкес, айыппұлдың абсолюттік белгілі бір мөлшері көзделеді. Бұл әкімшілік жаза шығару кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік береді. Заң жобасы алдағы уақытта палатаның жалпы отырысына шығарылады.

Соңғы жаңалықтар