Сенат көлік мәселелеріне арналған заң жобасын мақұлдады

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.

Аталған заң жобасы еліміздегі көлік инфрақұрылым дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасы әкімшілік кедергілерді төмендете отырып, отандық көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталады. Бұдан бөлек құжат инфрақұрылымды дамытуды, тұтынушылардың құқын қорғауды, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді заң нормалары аясында көздейтін болады. Сонымен қатар құжат арқылы авиация, теміржол, автокөлік салаларында, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнаманы жетілдіреді.

Атап айтсақ, азаматтық авиация саласы бойынша заңнамаға 40-қа жуық өзгерту ұсынылған. Оның ішінде инспекторлардың мәртебесін заң деңгейінде бекіту қарастырылады. Бұл ұшу қауіпсіздігін қадағалау мен бақылауды күшейте түседі.

Құжат екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар