Сенат кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруды көздейтін заң қабылдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенат отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын да қабылдады.

«Қабылданған заңдар еліміздегі геодезия, картография және кеңістік деректерге қатысты заңнаманы жетілдіруді көздейді. Жаңа нормалар кеңістіктік деректер, геодезия және картография саласындағы қызметтің жетілдірілген тетіктерін енгізеді. Сондай-ақ ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру және қолдану үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл инфрақұрылым тұтынушылардың электронды деректерге қолжетімділігін және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта толық және анық кеңістіктік деректер мен геодезия және картография жүйелері ақпаратты жедел өңдеуге, экономиканың салаларында және мемлекеттік басқару жүйесінде ұтымды шешімдер қабылдауға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.


Соңғы жаңалықтар