Сенат кеден ісіне қатысты жобаны Мәжіліске қайтарды

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда талқылап,  заң жобасын Парламент Мәжілісіне кері қайтарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы заң жобасы кеден органдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізуге, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің заңнамасымен үйлестіруге бағытталған. Заң жобасында Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер кеден құнын анықтау практикасына қоятын талаптарға сәйкес келтіру мақсаты көзделген. Бұдан басқа, заң жобасымен Кеден кодексінде белгіленген құзірет шегінде зияткерлік меншікті қорғау мәселесін қоса алғанда, кеден әкімшілігін жүргізу қағидаттары мен әдістерін жетілдіруге байланысты өзгерістер ұсынылып отыр.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын талқылау барысында сенаторлар құжатқа бірқатар түзетулер енгізді. Олардың басым көпшілігі редакциялық және нақтылау сипатында болып отыр

Соңғы жаңалықтар