Сенат Қазақстан мен Беларусь арасындағы Азаматтық қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы заңды қабылдады

None
None
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы болып өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Аталған келісімге 2009 жылғы 10 маусымда Минскіде қол қойылған. Құжатқа сәйкес барлық қызмет тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сай жүзеге асырылады. Бұл ретте келісім шеңберінде екі ел төтенше жағдайлар мониторингімен оларды болжау туралы ақпарат алмасу саласында ынтымақтаса алады. Бұдан бөлек халықтың төтенше жағдайларда іс-әрекет жасауға дайындығын, оның ішінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі дайындықты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу көзделеді. Бұдан бөлек, құзіретті органдар арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қарастырылады.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар