Сенат Қазақстан мен Беларусь арасында қос азаматтыққа жол бермейтін келісімді ратификациялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан мен Беларусь Үкіметінің көші-қон бойынша ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылады. Келісімге 2019 жылы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды. Бұл құжат – азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Нақты айтсақ, біріншіден,

статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екіншіден, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Үшіншіден, екі ел Үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Төртіншіден, Қазақстан мен Беларусь заматтарының құқықтық мәртебесі ​анықталады. Бесіншіден, көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға болады», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Оның атап өтуінше, Беларусь Парламенті келісімді 2020 жылғы 18 мамырда рәсімдеген.

«Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі көші-қон бойынша 23 халықаралық келісімді бекітті. Халықаралық деңгейде тағы 9 келісім дайындалуда. Осы келісімдердің нәтижесінде ақпарат алмасу жақсарады; адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесі шешіледі; шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталады. Қос азаматтыққа жол берілмейді. Осы заң – азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонды реттеуге, қос азаматтықпен күресуге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық, және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды, және қосымша қаражат талап етпейді»,- деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар