Сенат халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіруге бағытталған жобаны мақұлдады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын әзірлеу қажеттігі қолданыстағы ұлттық заңнамада төрелік және аралық органдардың, сондай-ақ дауларды шешу тәсілі ретінде төрелік немесе аралық соттар іс қарау рәсімін таңдау кезіндегі проблемалар туғызатын қарама-қайшы нормалардың орын алуына байланысты туындаған. Осыған орай, құжат бойынша  Қазақстанның қолданыстағы Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізіледі. Бұдан басқа, заң жобасы халықаралық төрелік және аралық іс қараудан мемлекеттің және оның мүлкінің иммунитетін реттеуге бағытталады. Сондай-ақ құжатқа байланысты аралық соттың және коммерциялық төреліктің құзыретін шектеу, шешімдерді қолданысқа енгізу, орындау және тоқтата тұру секілді шаралар қамтылатын болады.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке жіберіледі.  

Соңғы жаңалықтар