Сенат Еуразия даму банкінің Ресейге тиесілі үлесін сатып алу туралы құжатты қабылдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялауды көздейтін заң қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасын таныстырған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған келісім бойынша Қазақстанның Еуразия даму банкіндегі үлесі артатынын атап өтті.

«Биылғы 2 наурыздағы Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша, сатып алу және сату туралы келісімге 6 наурызда қол қойылған болатын. Келісім бойынша, банктің жарғы капиталындағы Қазақстанның үлесі 4,3 пайызға ұлғаяды. Қазақстан Республикасының және басқа акционер елдердің үлесі өскнедіктен, тиісінше, Ресей Федерациясының үлесі азаяды. Бұл банктің акционерлік құрылымын әртараптандырып, оның қызметінің тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы осы өзгеріс банк үшін қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, рейтингтер мен кредиттеудің қазіргі мөлшерлемелерін сақтауға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сенат депутаттары заң жобасын қабылдау туралы шешім шығарды.


Соңғы жаңалықтар