Сенат Есеп комитетінің мүшесіне Н.Нұржановты тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов тағайындалды.

Айта кетерлігі, Есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұловтың өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Сондықтан, Сенат оның орнына Есеп комитетінің бір мүшесін тағайындайды.

Конституцияға сәйкес, Сенат Төрағасы  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне Н.Нұржановтың кандидатурасын ұсынды. Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. 

Н. Нұржанов 1975 жылы 8 сәуірде туған, Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 1997 жылдан мемлекеттік қызметте. 2010 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының ревизиялық комиссия төрағасы болып қызмет атқарды. Мемлекеттік қызмет санаты бойынша «А» корпусына жатады.   

Соңғы жаңалықтар