Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Сенат Есеп комитетінің мүшесін қызметінен босатты

2022 жылғы 28 маусым 10:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Рашит Ахметовтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық нормаларға сәйкес, Есеп комитеті мүшесінің өкілеттік мерзімі 5 жыл. 2017 жылы 29 маусымда Есеп комитетінің мүшесі болып Сенаттан Ахметов Рашит Сайранұлы тағайындалған болатын», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осы орайда Р. Сайранұлының аталған қызметтегі өкілеттік мерзімі аяқталып отыр. Сенат регламентіне сәйкес, Бюроның шешімімен Қаржы және бюджет комитеті өзінің қорытындысын әзірледі.

Талқылаудан кейін сенаторлар Рашит Ахметовтің өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы болып Еркеш Мәукен сайланды.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары