+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

2020 жылғы 17 қыркүйек 10:30
Бөлісіңіз:
Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Есеп комитеті Білім министрлігінің шығыстарына аудит жүргізеді Елордада карантинге қармастан түнде де жұмыс істеген компьютерлік клуб анықталды Әрбір қазақстандық қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезінуі тиіс - Мәулен Әшімбаев

«Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Заң жобасы 10 қыркүйекте Сенат отырысында бірінші оқылымда мақұлданды.

«15 қыркүйекте Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныстар келіп түскен жоқ», - деп нақтылады депутат.

Қаралып отырған заң жобасың қабылдау арқылы аталған мәселелерді шешумен қатар: ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендерді және табиғи-қорық объектілерін сақтау, экологиялық туризмді дамыту мен табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мүмкіндіктері болады күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT