Сенат: Еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаңдатылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада шахтерлер қазасынан кейін кінәлілер жауапқа тартылатынына сенім білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сенаторлар маусым айында еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатаңдату туралы заң жобасын дайындады. Оның ішінде инспекторлардың өкілеттіктері бойынша, мүмкіндігінше жоспардан тыс тексерулер бар. Қосымша ұсыныстар дайындау аясында (Үкімет өз жағынан) сенаторлардың түзетулерін ескеру туралы өтініш жасалды. Барлығы бірге жұмыс істеуі керек, осындай төтенше жағдайлар мен трагедиялар үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалар қабылдануы тиіс. Бұл нормалар Қазақстанда мұндай оқиғалар ешқашан қайталанбауы үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз. Бәріміздің жедел және сапалы жұмыс істеуіміз маңызды», - деп атап өтті М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшылығына қарата айтқан сөзінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанда өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары қайта қаралатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар