Сенат ЕАЭО Кедендік тарифтері туралы заң жобасын қарайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Бюро мүшелері Палатаның биылғы жылдың 13 мамырында өтетін отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін қолдануда Армения Республикасына өтпелі кезеңді 1 жыл мерзімге ұзарту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру үшін әзірленген болатын.

Отырыстың күн тәртібіне «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да енгізілді.

Құжат ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдануда Қырғызстан үшін өтпелі кезеңін ұзартуға бағытталған. Заң жобасында Қырғызстан аумағына үшінші елдерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты кедендік-тарифтік саланы реттеу қамтылған.

Бюро мүшелері сондай-ақ тұрақты Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын комитеттерге бөліп берді.


Соңғы жаңалықтар