Сенат ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктері қызметіне қатысты құжатты мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатта «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғызстанның қосылуына байланысты осы елдің 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартты, ЕАЭО-ның құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы өтпелі ережелерге сәйкес, ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы барлық өткізу пункттерін 24 ай ішінде жайғастыруды және материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алған болатын. Қырғыз жағы аталған мерзімде үлгермеді, осыған байланысты Мемлекеттердің басшылары 2018 жылғы 14 мамырда «24 айдан» «48 айға», яғни 2019 жылғы 12 тамызға дейін өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойған болатын. Алайда, көрсетілген мерзімдер Қырғызстан үшін жеткіліксіз болды. Бұл тұрғыда 2019 жылғы 29 мамырда Мемлекет басшыларының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында «48 айдан» «72 айға», яғни 2021 жылғы 12 тамызға дейін өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылды», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар, қырғыз жағы міндеттемелерін осы мерзімде де орындай алмады.

«Осы орайда 2022 жылғы 19 сәуірде «72 айдан» «96 айға», яғни 2023 жылғы 12 тамызға дейін өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл хаттаманы ратификациялау еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар