Сенат ЕАЭО аумағындағы тауарлар айналысына қатысты заңды қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Хаттамаға 2015 жылғы 16 қазанда Бурабайда ЕАЭО басшылары қол қойған.

Құжат Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының мәселелерін айқындайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі құжаттар топтамасын ратификациялау рәсімін аяқтады. 2015 жылғы желтоқсанда ДСҰ-ның Министрлік конференциясы барысында Қазақстан ресми түрде ДСҰ мүшесі болып жарияланады деп жоспарланып отыр.

Аталған күннен бастап, Қазақстан қабылдаған міндеттемелерін, оның ішінде импорттық кедендік баждардың деңгейлері бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті. ЕАЭО шеңберіндегі келісімді есепке ала отырып, Қазақстан ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің аумағына әкелу мүмкіндігіне жол бермеуі және Қазақстанға анағұрлым төмен баждар бойынша әкелінетін тауарларды әкімшілендіруді қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, құжатта ветеринариялық қадағалаудағы тауарларды өткізу мәселелері де айтылған.

Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар