Сенат депутаты Ж.Ерғалиев Ақмола облысының Ақкөл ауданында болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Ақкөл ауданында болып, осы өңірдің әлеуметтік және экономикалық даму жағдайымен танысты.

Соңғы жылдары ел өмірінде елеулі өзгерістер болып жатқандығы анық байқалады. Соның жарқын бір көрінісіндей аудан орталығында балалар мен ересектерге арналған жүзу бассейні бар демалыс және сауықтыру орталығы салынып, халықтың игілігіне берілді. Осы заманғы әдіспен жабдықталып, сәулеттендірілген бұл орталық қазір ақкөлдіктердің ең бір көп баратын демалыс орнына айналған. Белгіленген кесте бойынша орталыққа өз кезегімен ауыл балаларын да арнайы бөлінген көлікпен апарып-алып келу ұйымдастырылып отыр. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыр үшін жасалып отырған маңызды қадам болып саналады.

"... Біздің елімізде барлық ұлттар мен ұлыстардың алаңсыз өмір сүріп, еңбек етулері үшін бар жағдай бар",-деді сенатор Жабал Ерғалиев аудандық мәслихат депуттаттарымен кездесуінде.

"Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауды баршамызға аманаттаса, осы көреген саясаттың маңызды екендігіне әлемдегі түрлі оқиғалар күн сайын анық көз жеткізіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы тағы да ел бірлігін нығайтудың біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіміздің басты факторы екендігін атап көрсетті. Біздегі ұлтаралық саясаттың адал ниетпен жүргізіліп отырғандығына ешкімнің де күмәні болмауы керек", дейді Ж.Ерғалиев

Сонымен қатар аудандық депутаттар корпусымен кездесу барысында сенатор Парламенттің заң шығарушылық қызметі жайлы айтып және де депутаттардың көптеген сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар