Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 мамыр күні ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды», - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Д. Назарбаеваға Сенат Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар