Сенат депутаттарының сайлауы 12 тамызда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 12 тамызда өтетін болды. ҚазАқпарат Президент қаулысының толық мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің 2020 жылғы қазан айында аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев


Соңғы жаңалықтар