+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Сенат депутаттарына мемлекеттік наградалар тапсырылды

2019 жылғы 13 желтоқсан 13:49
Бөлісіңіз:
Сенат депутаттарына мемлекеттік наградалар тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бір топ қызметкерлерге мемлекеттік марапаттарды табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен мемлекетке сіңірген еңбегі үшін Парламент Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ғұмар Дүйсембаев, Манап Көбенов, Марат Тағымов және Сенат Аппаратының басшысы Серік Сыдықовтың еңбектеріне орай «Парасат» ордені берілді.


Парламентаралық Ассамблея қызметіне белсенді қатысқаны үшін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының қаулысымен сенаторлар Владимир Волков пен Ерболат Мұқаев «Достастық» орденімен марапатталды. Сенат депутаттары Серік Бектұрғанов пен Әлімжан Құртаевқа «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі, Дәурен Әділбеков, Нұрлан Бекназаров, Абдалы Нұралиев, Нұржан Нұрсипатовқа Құрмет грамоталары берілді.


Нұрлан Бекназаров, Бекмырза Еламанов, Манап Көбенов, Бақтыбай Шелпеков, Динар Нөкетаева, Рысқали Әбдікеров пен Михаил Бортникке Парламент Сенаты Төрағасының Алғыс хаттары мен «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілері табыс етілді.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, Тәуелсіздік күні,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT