Сенат депутаттары тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған бейбіт тұрғындардың жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламент Сенатының отырысында депутаттар елдегі тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмған бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым қызметкерлерінің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат отырысын бастаған төраға Мәулен Әшімбаев қаңтардың алғашқы күндеріндегі тәртіпсіздіктер Тәуелсіздік тарихындағы ең қасіретті оқиға ретінде есте қалатынын атады.

«Өкінішке қарай, күштік құрылымдардың біраз қызметкері қаза болды. Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Террористердің қолынан жазықсыз жандар да қайтыс болды. Қаза болған азаматтарымыздың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жарақаттанған адамдардың тезірек сауғып кетуіне тілектестігімізді білдіреміз», - деді Мәулен Әшімбав.

Бұл сөзге Сенат депутаты Нариман Төреғалиев те қосылды.

«Сауалымызды жолдаудан бұрын мемлекетімізге, еліміздің конституциялық құрылымына қарсы жасалған шабуыл мен бүліктің салдарынан қайтыс болған бейбіт тұрғындардың, құқық қорғау қызметкерлері мен әскерилердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Тәуелсіз еліміздің тұтастығының кепілі ретінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сындарлы шақта шұғыл әрі батыл қадамдар жасап маңызды шешімдер қабылдады», - деді сенатор


Соңғы жаңалықтар