Сенат депутаттары Шымкентте жүр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Шымкентке сапармен келді. Халық қалаулылары ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі берген тапсырмаларын жұртшылыққа кеңінен насихаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлар алдымен Сәуле шағынауданындағы №129 мектептiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты. 2017 жылы пайдалануға берiлген оқу орнында депутаттар қауiпсiздiк жүйелерi, асхана, спорт, мәжiлic залын аралап көрдi. Сондай-ақ, бiлiм сапасы, мұғалiмдердiң жалақысы мәселелерiнен хабардар болды.

Өз кезегінде Дархан Сатыбалды мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін ең алдымен еңбекақысын жоғарылату керектігін атап өтті. Ұстаздардың ролін, мәртебесін арттыру үшін олар әлеуметтік қорғалуы қажеттігін жеткізді. Мұнан соң сенаторлар Қонаев даңғылының жалғасы бойынша салынып жатқан Бадам өзенiндегі көпірдің құрылысын аралап көрді. Бұл күнде Қонаев даңғылы мен Ташкент бағытын жалғайтын жол құрылысының 3-кезеңі басталған. Соның бiрi - осы Бадам өзенiндегi көпiр құрылысы, ал жобаның жалпы құны - 21 млрд теңге.

Жұртшылықпен жүздескен халық қалаулылары "Нұр Отан" партиясының сьезiнде, Елбасы Жолдауында айтылған мiндеттердi атап өтiп, құрылыс барысы заң аясында жүруi тиic екенін ескертті. Сондай-ақ, қалада құрылысы жүрiп жатқан А 2 ескi айналма жолы, Қызылорда бағытындағы жол құрылыстарының жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар