Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Сенат депутаттары электронды декларациялау жұмысымен танысты

2019 жылғы 19 маусым 09:06 2084
Бөлісіңіз:
 Сенат депутаттары электронды декларациялау жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған комитет депутаттары Нұр-Сұлтан қаласындағы кедендік ресімдеу орталығында болды.

Мұнда депутаттар  электронды декларациялау жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2018 жылдың 1 сәуірінен бастап салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шаралар ретінде «Астана-1», «Тауарларды таңбалау», «Электрондық шот-фактуралар», «Виртуалды қойма», «Қатерлерді басқару жүйесі» ақпараттық жүйелері алғаш рет енгізілген болатын.

Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың айтуынша, бұл жүйелерді енгізудің бірқатар артықшылықтары бар. Оның ішінде алдын ала ақпарат берілген сәттен бастап, транзитті ресімдеу және тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтай тұрудан шығарылғанан кейінгі бақылауға дейін кеден үдерістерін автоматты түрде бақылау мүмкіндігі болып отыр.

«Кедендік бақылаудың барлық үдерістері (Жедел басқару орталығы, Көлік автоматтандырылған ақпарат жүйесі, Дерекнама, Web-декларант, Брокерлік жүйе, Қатерлерді басқару жүйесі) бестен аса бағдарламаны алмастыра отырып, бір ақпараттық жүйеге шоғырланған. Мұндай жүйе таяу және алыстағы 95 шетелдерде жұмыс істеуде. Doing Business рейтингінде оң бағаға ие әрі ДКҰ және ДСҰ ережелері мен стандарттарына сәйкес келеді»,- деді Р. Еңсебаев.

Сапар барысында «Астана-1» жүйесін іс жүзінде қолдану, Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк қозғалысы бойынша статистикалық деректердің алшақтығы, бірыңғай терезе құру арқылы кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру мәселелері депутаттардың басты назарында болды.

Жалпы, кедендік рәсімдеуді жетілдіру бойынша атқарылған шаралар арқылы Қазақстан Республикасы Doing Business'19 рейтингісінде 21 сатыға көтеріліп, 109-орынға ие болды.


Сенат депутаттары электронды декларациялау жұмысымен танысты 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT