+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Сенат депутаттары Ақмола облысында болды

2019 жылғы 21 қыркүйек 23:13
Бөлісіңіз:
Сенат депутаттары Ақмола облысында болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаты жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілдері Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қайрат Қожамжаров, Дана Нұржігіт сапарларын Щучинскідегі Кадет корпусынан бастады. Аталмыш білім ордасы 1996 жылдың 1 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Осы мерзімде мемлекетіміздің Қарулы Күштерінің қатарына 2 мыңнан астам кәсіби сержант қосылып, жас жауынгерлерге тәлім тәрбие беруде. Жалын жүректі жастар өздері таңдап алған әскери мамандықтың қыр-сырын кадет корпусының қабырғасында меңгеріп, әскери бөлімдерге қызметке аттанады.

Қазір таңда мұнда 500-ге жуық курсант білім алып жатыр. Соңғы жылдары институтқа мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі артқан. Яғни, бұрындары 900 миллион теңге шамасында қаржы бөлінсе, қазір бұл сомма 1 миллиард теңгеден асады. Білім ордасының басшылығы алдағы уақытта жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сенаторлар жатақхана салу жоспарын қолдап, қаржы мәселесін қалданыстағы заңнама аясында шешуге мүмкіндігінше көмектестінін айтты.

«Айтылып отырған бұл мәселе институттың және министрліктің құзырындағы жұмыс. Бұл туралы Сенат комитетінің өткен жылғы көшпелі жиналысында көтерілген еді», - деді сенатор Дана Нұржігіт.

Сонымен қатар, сенаторлар Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Азаматтық қорғаныс органдары үшін мамандарды даярлаумен және қайта даярлаумен айналысатын еліміздегі жалғыз оқу орны – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында болып, материалдық-техникалық жағдайы мен оқу және оқу-әдістемелік базасының жұмысы, сондай-ақ курсанттардың жалпы жағдайы мен тамақтануына көңіл бөлді.

Сапар соңында ҚР ІІМ мен Төтенше жағдайлар комитеті және Көкшетау техникалық институты басшылығының қатысуымен Сенат комитетінің отырысын өткізді. Онда түйіткілді мәселелер, оқу орнының қаржылық және материалдық қажеттіліктері, оларды шешу жолдары айтылды. Сенаторлар Үкіметке азаматтық қорғаныс саласындағы білім сапасын арттыру және Көкшетау техникалық институтының материалдық-техникалық, оқу және оқу-әдістемелік базасын нығайту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT