Сенат Бюросы: Заң жобалары бөлінді

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары комитеттерге бөлініп берілді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын одан әрі пысықтау әрі қорытынды әзірлеу бойынша жауапты болды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті белгіленді.

Бюроға Палатаның 2017 жылы 6 сәуірде өтетін кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар да енгізілді.

Сенаторлар заңнамаға әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша түзетулерді, «Коллекторлық қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын қарайтын болды. 

Соңғы жаңалықтар